Біз туралы

 

 

Қарағанды облысының Білім басқармасы «Саран техникалық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Саран техникалық колледжі» КММ 1947 құрылған,  осы уақыт аралығында 10 мыңнан астам білікті мамандар шығарды, контингенті 293 студентті құрайды, директоры Қоянбаев Қанат Қабдияұлы. Колледжде тұрақты және жоғары кәсіби инженерлі-педагогикалық қызметкерлер ұжымы жұмыс істейді. Оның ішінде 36% өндірістік оқыту шеберлері мен жоғарғы және бірінші санатты оқытушылар.

Екі оқу ғимараты бар. Заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді қолдану үшін, Ғаламтор желісіне қосылған 89 компьютер, әртүрлі қолданымға арналған ұйымдастыру техникасы бар.

Иелігінде 4 шеберхана, 2 зертхана және 15 оқу сыныптары бар. Колледждің «В», «С» санаттары бойынша жүргізушіге оқытуға лицензиясы бар.

Жетістігі

2013 жылы Саран қаласы әкімінің нұсқауы бойынша директор Қ.Қ. Қоянбаев үлкен Халықаралық энциклопедияда «Үздік адамдар» төсбелгісімен, сол 2013 жылдың тамыз айында «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды. Колледж, кадрлар арасындағы облыстық байқауға қатысып, 1 орынды иеленді және «Кеңес беруші, білгір маман» номинациясын жеңіп алды, сонымен қатар облыстық «Көліктерді жөндеу мамандығының үздігі» байқауында 1 орын, облыстық «Дәнекерлеу ісі» мамандығының үздік өндірістік оқыту шебері» байқауында 3 орын, облыстық «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының үздік өндірістік оқыту шебері» байқауында 3 орын, облыстық «Үздік насихатшылар» байқауында 3 орын, облыстық «ЕХРО-2017» Болашақ жобасы байқауында «Қызмет көрсету және жастардың кәсіпкерлігі» тобында 3 орынға ие болды. Облыстық спартакиадада біздің студенттер тоғызқұмалақ, баскетболдан 3 орын, кір көтеруден 3 орындарды иеленді, колледждер арасында облыстық жарыстарға белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздармен марапатталды. Оқ атубойынша облыстық жарыстарда 3 орынды иеленді.

 

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Кольцевая к-сі, 12.

Қабылдау бөлімі: 8 (72137) 4-45-12, Факс: 8 (72137) 4-45-12

Email: Сaranpl4@mail.ru

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінім қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі

Повар

3W10130302
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Жер асты электрослесарі

3W07130703
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 10 ай

Электргазымен дәнекерлеуші

3W07150501
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Тігінші

3W07230101
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Жөндеуші-слесарь

3W07150601
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 10 ай

Механикалық жинау жұмыстарының слесары

3W07150604
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі

Автомобиль жөндеу слесарі

3W07161301
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
Барлық бағдарламалар (7)

Сурет пен бейне

Барлық медиа

Хочу выразить благодарность педагогам Саранского технического колледжа за знания и опыт, который мы получили за время обучения.

Бізді қалай таба аласыз

г.Сарань, ул. Кольцевая, 12 Мекен-жайды картада көрсету
https://stk.mycollege.kz/