Жұмыс сипаттамасы. Жай тораптар мен механизмдерді құрастыру және реттеу. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиюластыру. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді құрастыру. Бөлшектерді пісіруге құрастыру. Фаскаларды шешу. Саңылауларды белгі, кондуктор бойынша жай бұрғылау станогында, сондай-ақ пневматикалық және электр машинамен бұрғылау. Ойықтарды белгілегіштермен және плашкалармен кесу. Жай бөлшектерді белгілеу. Бөлшектер мен тораптарды пісіріп, желіммен, болттармен және суықтай қапсырмамен біріктіру. Гидравликалық қысымды стенділер мен сығымдағыштарда жиналған тораптар және механизмдерді сынау. Анағұрлым жоғары білікті слесармен бірлесіп бөлшектерді қиыстыра отырып, күрделі тораптар мен машинаны құрастыруға, тісті аудармаларды реттеуге жанындағы және радиалды саңылаулардың берілген сызбасын және техникалық шарттарын орнатуға қатысу.
Білуге тиіс: жиналатын тораптар мен механизмдерге техникалық шарттар, жай жұмыс құралының атауы мен қызметі, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, жиналатын тораптармен механизмдердің шектеулері мен отырғызу жүйесін, өңделетін металдың негізгі механикалық қасиеттері, термиялық өңдеу және пісіру кезіндегі ақаулықтарды жою тәсілдері, тоттанудың пайда болу себептері мен онымен күресу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының және анағұрлым кеңінен таралған арнайы және әмбебап айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі, майлайтын сұйықтықтардың қызметі және оларды пайдалану тәсілдері, жай бөлшектерді белгілеу ережесі.
2025 ж. 1 қыркүйек