Сұрақ

Жиі қойылатын сұрақтар

Орта буынды мамандарды даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша 20 маусымнан 20 тамызға дейін күндізгі оқыту бөлімі, 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін сырттай оқу бөлімі.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімдемесі: 

  • Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • Ф №086 медициналық анықтамасы флюорографияға түскен қорытынды болуы шарт (бала жасынан І және II топтағы мүгедектер үшін медициналық –әлеуметтік сараптама қорытындысы);
  • 4 дана 3х4 өлшемді фотосурет;
  • Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар ата-аналармен немесе заңды өкілдерімен беріледі, ЖСН куәлігі ;
  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің мәртебесін айқындайтын құжатты, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісімен ұсынады.

(жеке істі құру мақсатында құжаттарды тезтікпеге немесе папкаға әкелу қажет)

Қабылдау емтихандары:

Орта буынды мамандарды даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін 1-28 тамызға дейін күндізгі оқыту бөлімі, 1 - 25 қыркүйекке дейін сырттай оқу бөлімі.

 

Қабылдау емтихандарын өткізу барысында:

1) тестілеу түрінде, әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны (сұрақтар) 25; әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады; 2 сағат және 15 минут үш пән бойынша тестілеуге, ал екі пәнге 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауап кодтары тестілеуден кейін дереу жарияланады; сынақ нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады;

2) пәндер бойынша емтихан түрінде, қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша алынған «3», «4», «5» бағалары қабылдау комиссиясымен келесі шкала бойынша баллдарға ауыстырылады: «3» - 8 ұпай, «4» - 17 ұпай, «5»- 25 ұпай;

3) Кешенді тестілеу туралы сертификат ұсынған (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе ҰБТ қорытындысы туралы сертификаты бар (бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) тұлғалар, қабылдау емтихандарынан босатылады және оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беріледі;

4) техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша орта буынды мамандарды даярлауды жүзеге асыратын, және төмендегілерге ие үміткерлерге арналған түсу емтихандары:

      4.1) жалпы орта білім үш пән бойынша жүргізіледі (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән);

      4.2) негізгі орта білім – негізгі орта білім берудің жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларының көлеміндегі (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша) екі пән бойынша;

4.3) мамандықтың профиліне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім мамандықтың бейінді пәні бойынша өткізіледі;

      4.4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру сұхбаттасу түрінде жүргізіледі. 

 

«Оқыту құны және білім беру гранттары» парақшасы

2019-2020 оқу жылының гранттары

Мамандық

Барлық орындар саны

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

Оқыту тілі

Оқыту тілі

Мемл.тіл

Орыс тілі

Мемл.тіл

Орыс тілі

0105000 Бастауыш білім

40

20

20

0

0

0105000 Бастауыш білімнің қолданбалы бакалавриаты

30

0

0

15

15

0111013   Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

20

20

0

0

0

0111083 Негізгі орта мектептің шет тілі мұғалімі (ағылшын тілі)

40

20

20

0

0

0111093 Негізгі орта мектептің информатика мұғалімі

15

15

0

0

0

0111023 Негізгі орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

10

0

0

10

0

0103000 Дене тәрбиесі мен спорт

20

12

8

0

0

0101000 Мектепалды тәрбие

45

20

25

0

0

1120000 Технологиялық машиналарға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету

25

0

25

0

0

091000 Электрлік және электромеханикалық жабдықтар

25

0

25

0

0

0814000 Полимерлі технология өндірісі

15

0

15

0

0

0512000 Аударма ісі

0

0

0

0

0

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

0

0

0

0

0

0518000 Есеп және аудит

0

0

0

0

0

1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

20

0

20

0

0

 

  • Ақылы негізде күндізгі оқыту бөлімінде мамандықты игеру  айына 18500 теңгені құрайды.
  • Ақылы негізде сырттай оқыту бөлімінде мамандықты игеру  айына 11500 теңгені құрайды.
Сұрақтарыңыз бар ма?

Сіздің сұрақтарыңызға оқу орнының өкілдері, студенттер мен түлектер, сондай-ақ біздің сарапшылар жауап береді

Сұрақ қою

Сұрақ қою үшін, Сіз авторизацияланған болуыңыз керек. Авторизациядан өту
Әзірге ешқандай пікір қалдырылмаған

Бізді қалай таба аласыз

г.Сарань, ул. Кольцевая, 12 Мекен-жайды картада көрсету
https://stk.mycollege.kz/